"Мамандық таңдау - маңызды іс" » КГУ Калжырская СШ
Шығыс Қазақстан облыс
Марқакөл ауданы білім бөлімінің
"Қалжыр орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мамандық таңдау - маңызды іс"
12
сентябрь
2024

"Мамандық таңдау - маңызды іс"

Құрметті дос! 8- 11 сынып оқушылары!
Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың! Осы жолды бастар алдындағы ең маңызды міндетің - игілікті өмір сүру үшін қаржы тауып қана қоймай, бастысы өз қабілетіңді, қызығушылығың мен шығармашылық әл-куатыңды іске асыра алатын болашақ мамандығыңды тандау болып табылады. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін сен әуелі кәсіби білім тандап, оны меңгеріп шығуың керек. Кәсіби білімсіз сен шектеулі қызмет аясынан шыға алмай, беделді әрі жоғары ақылы жұмысқа қол жеткізе алмайсың. Оқу орны мен мамандыкты тандауда дұрыс шешім қабылдаудың өте манызды екені сөзсіз. Мамандық таңдаудағы корқынышты қажеттілік деп қарамай, жаңа кызықты өмір кезеңінің басталуы деп қабылдау керек.
Жұмыс пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен! Өзіңді мамандыктар әлемінде табу - өзіңнің қоғамға кажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз кабілеттерінді барынша көрсету мен сый-кұрметке бөлену болып табылады.
Адамның өз мамандығына қаншалыкты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалыкты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау - болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол - өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу, яғни, менің мықты және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табыска жету үшін маған не кажет деген сауалдарға жауабың.
Дұрыс тандалмаған мамандыктың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл коғамға кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың есебі бойынша мамандықты дұрыс тандау кадрлар тұрақсыздығын - 2-2,5 есе азайтса, еңбек өнімділігін - 10-15% -ға арттырады да, кадрларды оқытуға жұмсалатын қаржыны -1,5-2 есеге азайтады екен.
Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары: мамандық және оның қажеттілігі туралы білу; бейімділіктер (кызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы); қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер); ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау; ата-ананың, отбасының көзқарасы; құрбы-достарының көзқарасы; мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы; жеке кәсіби жоспар - адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.
Әдетте, жастар мамандықты таңдау кезінде мамандыққа, білім деңгейіне, нақты бір институт сияқты түрлі бағыттағы нұскауларға бағдарланады. Дегенмен, ең алдымен қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге кажет білім деңгейі туралы ойлану керек. Ал оқу орнын тандау мәселесі - ең соңғы кезең болып табылады.