"Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" мектептегі тәлімгерлік қызметі
"Тәлімгерлік" - ұзақ уақытқа созылатын тәлімгер мен тәлім алушы педагог арасында сенімді жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Әдістемелік және психологиялық тұрғыдан көмек көрсету жас маманның кәсіби потенциалын жан-жақты ашуға көмек береді. КТЖ мен ҚМЖ жасауда, қалыптастыруды бағалау бойынша түсіндірме жұмыстары, БЖБ мен ТЖБ бойынша нұсқаулар жас маманның мектеп өміріне сенімді түрде аяқ басуна үлкен ықпал етеді.