Қамқоршылық кеңес құрамын өзгерту туралы хабарлама
№6 жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
"Қалжыр орта мектебі" КММ-де қамқоршылық кеңес құрамындағы екі мүшесінің жеке өтініштері бойынша бос орынға жаңа екі мүшесін сайлауға сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Қамқоршылық кеңес – "Қалжыр орта мектебі" КММ-нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.
Байланыс телефондары: 8/72343/20580
Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы: Кабатов Жандос Пайшиковия
Электрондық почта: kalzhyr_shkola@mail.ru